Б.Байбек: «Нұрлы жол» - алдағы ондаған жылды қамтитын еліміздің сапалы дамуының кешенді жоспары

«Ертеңін ойлаған ел озар» демекші, қазіргідей жаһандық сынақтар жағдайында Елбасы экономиканың мүлдем жаңа сапалы құрылымын ұсынатын «Нұрлы жол» экономикалық саясатын жариялап отыр. Жаңа экономикалық саясат бұл бүгінгі сынақтардан сүрінбей өтудің ғана жобасы емес, ол - алдағы ондаған жылды қамтитын еліміздің сапалы дамуының кешенді жоспары. Болашақтың инфрақұрылымына жасалған инвестиция», - деді Б.Байбек.
Оның атап өтуінше, қазіргідей күрделі кезеңдерде инфрақұрылымға қомақты қаржы салу - халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай дамуға серпін беретін тиімді құрал. Мәселен, Америка, Германия сияқты дамыған елдердің бүгінгі жеткен жетістіктері дәл осы инфрақұрылымды дамыту тәсілімен қаланған.
«Осы орайда Елбасы жариялаған жаңа экономикалық саясат алысты жақындатып, елдің ішкі әлеуетін күшейтіп, дамуы қарқынын барынша жеделдетеді. Ең бастысы, Елбасы Үкімет назарын азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау қажеттігіне аударды», - деді ол.