Б.Байбекке Рудный қаласында «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды.
None
None

Сапар бағдарламасы «Азаматтық бастамаларды дамыту» орталығында болудан басталды, онда Б.Байбек үкіметтік емес жастар ұйымдарының басшыларымен, сондай-ақ «Қостанай облысы «Жас Отан» Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының финалистерімен кездесті.

Бұдан кейін Б.Байбек Қостанай облысы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының форумы жұмысына қатысты. Форумда сөйлеген сөзінде Б.Байбек «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның алдына қойған міндеттері туралы әңгімеледі.

Б.Байбектің атап өтуінше, «бастауыш ұйымдар - бұл кез келген партияның негізі. «Нұр Отанның» негізін жалпы саны 6 мыңнан асып жығылатын бастауыш партиялық ұйымдар құрайды, соның 461-і Қостанай облысында. Еліміздегі бірде-бір партияның өңірлерде мұндай кең инфрақұрылымы жоқ».

Сапар Рудный қаласында жалғасты. Онда Б.Байбек «АҚ БАРЫС НК» ЖШС-нің өндірістік қуатымен танысты. Кәсіпорынның жұмысымен танысу барысында «Нұр Отан» ХДП Рудный қалалық филиалының төрағасы Б. Байбекті моноқалаларды дамыту бағдарламасының орындалуымен таныстырды.

Сапар соңында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Рудный қалалық филиалының «№1 шағынаудан» бастауыш партиялық ұйымының белсенділерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар