Б. Камалиев Ақтау портының қызметімен танысты-ККМ

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК (одан әрі - Ақтау порты) қызметімен танысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

№6 айлақта Ақтау портының директоры Б.Уандықов министр Б. Камалиевке кәсіпорынның ағымдағы өндірістік қызметі туралы ақпарат берді. Кәсіпорын басшысының сөзі бойынша ағымдағы жылғы 8 айда жүк аудару көлемі 7,9 млн. тоннаны, яғни жоспардың 105 пайызын құрап отыр. Пароммен тасымалдаудың 8 айлық жоспары 202 пайызға орындалды.

Анықтама: Ақтау порты құрғақ жүктер, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдау үшін арналған Қазақстанның жалғыз теңіз порты болып табылады.

1999 жылы қуаттарды жаңарту жобалары іске асырылды, порттық инфрақұрылым және басқару құрылымы жақсартылды. Бүгінгі күні Ақтау порты заманауи көп мақсатты терминал болып табылады.

Ақтау порты қызметінің басты мақсаты - отандық және шетелдік тапсырысшыларға теңіз порты қызметінің саласында жүктерді, теңіз кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты кең спектрлі сапалы қызмет ұсыну болып табылады. Жүктердің негізгі базасы бас сұйық жүктерден тұрады: мұнай мен мұнай өнімдері, металл, астық, басқа да жүктер мен паромдық жүктер. Оларды аудару порт арқылы қамтамасыз етіледі. Порттың 12 айлағы бар. Порттың жобалық қуаты жылына 11,5 млн.тонна құрайды.

Басқару жүйесін автоматтандыру, жүк айналымының ең жаңа статистикасын енгізу, есептесуді автоматтандыру, құжаттарды рәсімдеу, клиенттерге қызмет көрсету процедураларын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Портта көліктің бірнеше түрінің жол торабы жасалған, атап айтқанда, темір жол, автокөлік, су және құбыр. Ақтау порты ТРАСЕКА, Солтүстік-Оңтүстік және Иногейт сияқты үш халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі болып табылады.

№4-5 айлақтарда көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев «Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асыру барысымен танысты.

Анықтама: ТЭН-ге сәйкес жобаның жалпы құны - 41 млрд. 680 млн. теңгені құрайды. Жобада жаңа акватория мен келу каналын құру бойынша теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу арқылы қорғаушы гидротехникалық құрылыстарды (мол және толқынжарғыш) салу қарастырылған. Сондай-ақ, қосымша инфрақұрылымдық портпен үш құрғақ жүк айлақтарын құру қарастырылған.

Қорғаушы гидротехникалық құрылыстарын салудың жалпы құны 10 997 млн. теңге (мол - 6 643 млн. теңге, толқын жарғыш - 4 354 млн. теңге). Барлығы 10 608 млн. теңге игерілді, ол сома гидроқұрылыстың жалпы құнының 96,5% құрайды.

Мол 2009 жылғы 27 шілдеде пайдалануға берілді. Қазіргі кезде «Толқынжарғыш» гидротехникалық құрылысын салу аяқталды. Салынған нысанды жұмыс тобы қабылдай бастады.

Теңіз түбін тереңдету жұмыстарын келесі жылы жүргізу жоспарлануда. Айлақтардың құрылысын концессия механизмдерін қолдану арқылы жүзеге асыру жобалануда.

Соңғы жаңалықтар