Б. Камалиев Өзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы жаңа темір жол желісінің құрылыс барысымен танысты

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 22-23 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Өзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы жаңа темір жол желісінің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Анықтама: «Өзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы жаңа темір жол желісінің құрылысы» жобасы 2007 жылы Қазақстан, Түрікменстан және Иран арасындағы Мемлекет басшыларының Декларациясы мен үш мемлекет арасындағы Үкіметаралық келісімге қол қоюдың негізінде іске асырылуда.

Жобаның мақсаты «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көліктік дәлізіне ұзақтығын 600 км қысқартатын балама маршрут жасау болып табылады. Жобаның операторы - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, құны - 61,7 млрд. теңге. Желінің Қазақстан Республикасының территориясы бойынша ұзақтығы - 146 км. Жобаның құрылысы 2009 жылы басталды, жоба бойынша қозғалысты ашу 2011 жылғы желтоқсан.

Жүктің басты номенклатурасы: астық, құрылыс материалдары, халық шаруашылығының тауарлары, металл бұйымдары және т.б.

Жүктердің болжамдық көлемі (млн. тонна):

2012 ж.

2017 ж.

2022 ж.

  • Барлығы:

5,5

6,3

7,4

  • Экспорт

4,4

5

5,8

  • Импорт

0,1

0,2

0,24

  • Транзит

1,0

1,1

1,4

Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев Маңғыстау ст. - Өзен ст. - Болашақ ст. маршрутын пойызбен аралап шықты. Өзен станциясында министр нысандағы құрылыс-монтаждық жұмыстар барысымен танысты.

Анықтыма: Қазіргі таңда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталды. Негізгі жолдың 146 км салынды. 3,7 куб м жер жамылғысы төселді. 64 жасанды ғимараттардың монтажы аяқталды. Электр жабдықтар нысандарының құрылысы аяқталды (6984 дана тірек, 309 км электросым). Өзен, Бопай және Бастау, Ақбөбек, Тайғыр разъездерінде орталық блокадалау мен байланыс жүйелерінің құрылғысы іске қосылды. Маңғышлақ - Өзен учаскесінде талшықты-оптикалық желісі байланысының құрылуы аяқталды.

Темір жол желісі бойында жаңадан 7 бөлек бекеттер ашу, оның ішінде 2 станция (Болашақ және Бопай) және 5 разъез (Бастау, Ақбөбек, Тайғыр, Құрмаш, Бестөртгүл) қарастырылған. Станциялық жолдарды салу (61 км/53 км), Болашақ (25 жолаушы) пен Өзен (100 жолаушы) станцияларында вокзалдардың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Барлығы жұмысқа 1,8 мың адам және 400 техника тартылған.

Соңғы жаңалықтар