Б.Қамбар: ДЭФ рейтингісінде серпіліс жасағандар - инновацияны дамыта білген елдер
Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингісінде Стратегиялық жобалар жəне экономикалық зерттеулер орталығының директоры Бақытгүл Қамбар мәлім етті.
"Рейтингте жеті жыл қатарынан Швейцария бірінші орында тұр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Германия сияқты елдер алдыңғы бестікті бастап тұр. Жалпы, талдауларға сүйенсек, рейтингте өз позицияларын жақсартқан елдердің алға басуына əсер ететін негізгі фактордың бірі - инновация. Біз серпіліс жасаған елдерге, атап айтсам, Үндістан, Əзербайжан сияқты елдерге талдау жасап, бұған инновация əсер еткенін көрдік. Əзербайжан - ТМД елдерінің арасында алдыңғы бестікте, одан кейін біз, бізден кейін Ресей, кейін Украина тұрса,Тəжікстан ТМД елдерінің бестігін аяқтап тұр",-дейді Б.Қамбар.
Ал, Қазақстан болашақта қандай орынға көтерілуі мүмкін деген сұраққа Б.Қамбар "рейтингтің қалай өзгеретініне болжам жасау қиын",-дейді.
"Жалпы, рейтинг деген үлкен бəсеке. Соңғы орындарға қарағанда, алдыңғы орындарға жақындаған сайын болжам жасау өте қиын. Қазақстан позициясын жақсарту үшін үлкен жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ, басқа елдер де бір орында тұрған жоқ қой. Елдер қатар дамып жатыр,сондықтан, қандай да бір болжам жасау қиын",-деді ол.