«Б» корпусына кіретін басшыларды аттестациядан өткізу нәтижесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына кіретін басшыларды аттестациядан өткізудің нәтижесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, аттестацияның алғашқы кезеңі аясында 1 139  мемқызметкердің біліктілігі тексерілді. Олардың ішінде Президент әкімшілігі, министрліктерге қарасты комитет төрағаларының орынбасарлары мен департамент директорлары, Премьер-Министр кеңсесі, Жоғарғы сот, Сенат пен Мәжілістегі бөлім меңгерушілерінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқарма басшылары бар. Аталған мемқызметкерлердің біліктілігін ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия тексерді.

«Аттестацияның алғашқы кезеңі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, 11 пайызын, яғни 130 адамды қызметі жағынан көтеру туралы ұсынымдар берілді. Ал аттестациялаудан өткен мемлекеттік қызметкерлердің 4 пайызын, яғни 36 адамды қызметі жағынан төмендету ұсынылды. Олардың барлығы - аймақтық басқармалар деңгейіндегі мемлекеттік қызметкерлер», - дейді Шайымова.

Айта кетейік, «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясы жылдың ортасына дейін жалғасады. Биылғы аттестация үш деңгейде - республикалық, облыстық және аудандық дәрежеде өткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар