11:44, 03 Наурыз 2012 | GMT +5
Б.Мұхамеджановтың тапсырмасымен Маңғыстауда балабақшалардың жұмыс уақыты кешкі 7-ге дейін ұзартылды
АҚТАУ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың тапсырмасына сәйкес өңірдегі балабақшалар кешкі сағат 7-ге дейін жұмыс жасайтын болады.

Бұл туралы облыс басшысы есеп беру кездесуінде айтты.
Сондай-ақ үстіміздегі жылы 1 940 орынға арналған 13 балабақша салынатын болады. Облыс әкімі атап көрсеткендей, олардың көптеп ашылуына жергілікті кәсіпкерлер белсенді қатысу қажет.
Өңір басшысы білім басқармалары мен аудандар әкімдеріне балабақшалардың жұмыс кестесі ұзартылуын қадағалауды тапсырды. Бұл мәселені жұмыс уақыты сағат 18.00 аяқталатындықтан, балаларын 17.00-де балабақшадан алып кетуге үлгермейтін ата-аналар көтерген болатын.