07:37, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Б.Обама ҚР Президентіне ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, АҚШ-тың бұдан былай да Қазақстанмен ынтымақтастығын нығайтудағы берік ниетін растады
НЬЮ-ЙОРК - АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясына қатысу аясында үстіміздегі жылғы қыркүйектің 23-і күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қ.Саудабаев Ақ Үй басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылы желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға арналған шақыруын жеткізді. Шақыруы үшін алғысын айтып және Президент Н.Назарбаевқа ең ізгі тілектерін жолдаған Б.Обама АҚШ-тың бұдан былай да Қазақстанмен арадағы тығыз ынтымақтастығын нығайту туралы берік ниетін растады.