Б.Обама президент кезінде АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіруге ниетті - Н.Назарбаев
«Мен Ресей Президенті мен Құрама Штаттар Президентінің кездесіп, өткір мәселелерді талқылағанын жыл қабылдадым. Обама мырза қазір ғана маған Украина, Сирия мәселелері бойынша өздерінің әңгімелесулерінің қорытындысы жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, олар ашық сөйлескен. Маған Обама мырза айтқандай, ол ашық, шынайы әңгімелесуге ризашылық танытқан. Ол: «Мен Ресей ұстанымын түсіне бастадым және біз жұмыс істейтін боламыз», - деді. Оның президенттік лауазымына 1,5 жыл қалғанымен ол Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты, дұрыс қарым-қатынасты ретке келтіруге ниетті екендгі қуантады.
ҚР Президенті өз сөзінде БҰҰ сессиялары аясында кездесулерінің ішінде Б.Обамамен жүздесуі барынша маңызды болғанын атап өтті.
«Біз екіжақты кездесулерді талқыладық. Мемлекеттік хатшы Керридің Қазақстанға ресми сапары болады», - деді ҚР Президенті.
Елбасы өз сөзінде АҚШ-тың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне көмек көрсеткенін және әр уақытта да еліміздің бастамаларына қолдау білдіретіндігін айтты.