Б.Сағынтаев Астанада АЭФ-2016 қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

АСТАНА. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумы жұмысының екінші күні аясында оның қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады www.primeminister.kz.
None
None

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары мен БҰҰ Өңірлік орталығының Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы (UNRCCA) жөніндегі басшысы Петко Драганов Орталық Азия елдері арасында халықаралық құқық қағидалары негізінде диалогты қолдауға БҰҰ және оның құрылымдарының қатысуының маңыздылығын айтып өтті.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан БҰҰ-ның, оның дала миссияларының, қорларының және бағдарламаларының халықаралық қауіпсіздіктің өткір қауіп-қатерлерін және дамыту саласындағы мәселелерді шешудегі жетекші рөлін мойындайтынын айтып өтті.

Экономист Иван Миклош пен Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы салықтық әкімшілік ету, сондай-ақ жекешелендіру үдерісі мәселелерін талқылады.

Polpharma S.A. Қадағалаушы Кеңесінің президенті Ежи Старакпен кездесу барысында Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту перспективалары қаралды.

Соңғы жаңалықтар