Б.Сағынтаев Энергетика министрлігіне жаңа жылыту маусымына әзірлікке тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылыту маусымына әзірлік мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
None
None

«2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына нысандарды әзірлеу коммуналдық қызметтермен келісілген кестеге сай жүзеге асырылуда. 2015 жылы 9 энергоблокты, 59 энергетикалық қазандықтарды және 47 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Тамыз айының басына 4 энергоблокта, 30 қазандықта және 20 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу маусымына жылумен жабдықтау желілерінің әзірлігі 60 пайызды құрайды, білім нысандарының 79 пайызы, денсаулық сақтау мекемелерінің 75 пайызы, тұрғын үйлердің 63 пайызы дайын болды», - делінген ҚР Премер-Министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жылу көздерінің 100 Гкал/сағатқа дейінгі қуаттарына алдағы жылыту маусымында отын қажеттілігі 1 883 мың тонна көмір мен 230 мың тонна мазутты құрайды. Бұл орайда қазірдің өзінде 591 мың тонна көмір және 54 мың тонна мазут әзірленді.

Кеңес қорытындыларымен Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне электр стансаларының алдағы жылыту маусымына әзірлігі барысына, нормативтік отын қоры жиналуына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын және жоспарланған шараларды толық орындауды қамтамасыз ету, жауапты әкімдер орынбасарларын бекіте отырып, коммуналдық сектор мен әлеуметтік саланың барлық нысандарын жылыту маусымына дер кезінде әзірлеу, сондай-ақ коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық және ағымдағы қарыздардың өсуіне жол бермеу жөнінде шараларды қолға алу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар