Б.Сағынтаев пен Ко По Кун ҚР мен Сингапурдың ынтымақтастық перспективаларын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Сингапур Республикасы Мемлекеттік Сауда және индустрия министрі, Мемлекеттік Ұлттық даму министрі Ко По Кунмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы екі жақты қатынастарды дамытудың жағдайы мен перспективаларын қарады.

Бақытжан Сағынтаев пен Ко По Кун өзара сауда-экономикалық және инвестициялық іс-қимылды арттыру қажеттігін айтты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың озық тәжірибесін белсенді бейімдеп келе жатқан елдердің бірі екенін айтып өтті. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын құру, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін енгізу, электронды үкіметті дамыту және т.б.

Келіссөздер барысында өнеркәсіптік ынтымақтастық, инфрақұрылымдық жобалар аясындағы, қаржы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар