Б.Сағынтаев: Жоғары вольтті желілер салу оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығын жояды

Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Энергетика саласында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында зор жұмыстар атқарылды. Қолданыстағы электр стансаларындағы электр энергиясын өндіруді ұлғайту жалғасуда. Балқаш ЖЭС пен Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысы жалғасуда», - деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар оның айтуынша, ұлттық энергетика желісін жаңғырту және өңірлік электр желілерін жаңарту жұмыстары қолға алынды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Екібастұз-Семей-Өскемен және Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағыттарында жоғары вольтті желілер салынатын болады. Бұл Қазақстанның солтүстік-оңтүстік бағыттарындағы ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін 2100 мегаватқа дейін ұлғайтуға әкеледі. Өсім 750 мегаватт. Сонымен қатар елдің оңтүстік өңірлеріндегі болжамды тапшылықтың жойылуын қамтамасыз етеді», - деді Б.Сағынтаев.