Б. Сапарбаевтың қатысуымен өткен Жамбыл облысының активінде Жолдаудан туындаған міндеттер талқыланды

ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев ежелгі Тараз қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты. 2011 жылы облыс орталығында жұмыс істеп тұрған Орталық базарды көшіріп, оның орнында ежелгі қалашықтың археологиялық қазба жұмыстары басталған болатын.
Бүгінде археологтар VI-XII ғасырларға жататын 35 мыңға жуық артефакт тапты, VIII - IX ғғ мешіті, заратуштра (зароастризм) медресесі табылды. 2014 жылдан бері «Ежелгі Тараз - Мәңгілік елдің бесігі» деген атаумен археологиялық саябақтың бизнес-жоспарын өңдеу бойынша жұмыстар басталды, қалашықтың орнында ашық аспан астындағы мұражай салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, вице-премьер Тараз қаласындағы жаңа «Жүрек» кардиохирургиялық орталығында болды. Мұнда Б. Сапарбаев 90 төсек-орынға есептелген клиника жұмысымен танысты. Тараз бен Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары кардиохирургиялық, кардиологиялық, интервенциялық салаларда көмек алуда. Медициналық мекеме алдыңғы қатарлы жаңа құралдармен жабдықталған.
Жұмыс күнінің соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» халыққа жолдауын насихаттау бойынша облыс активінің отырысы өтті.