БАӘ Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі - Елші

Қазақстан мен Әмірліктер ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және даму көкжиектері тақырыбындағы брифингке келген барлық журналистерге алғыс айта отырып, Қ.Лама-Шариф тек қазақ тілінде баяндама жасайтынын, сұрақтар болса, екі тілде де жауап беруге дайын екенін мәлім етті.
«Жоғары деңгейде өткізілетін кездесулердің жиілігі мен тиімділігінің арасында БАӘ қазіргі таңда Қазақстанның мұсылман және араб әлеміндегі сенімді одақтасы, маңызды әріптесі ретіне танылып отыр. Әмірліктер Қазақстанды ең әуелі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерге қатысты өз әрекеті мен шешімдеріне жауапты, түрлі салаларда екіжақты қатынастарды арттыруға мүдделі, сондай-ақ достық пен серіктестік дәстүрілерін одан әрі дамыту мен ұлғайтуды көздейтін толыққанды әрі мықты мемлекет ретінде таниды», - деді Қ.Лама-Шариф.