БАӘ мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы өткен жылы 109 млн. долларды құраған - Елші

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-саттық деңгейі 109,5 млн долларды құраған. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде журналистерге брифинг өткізген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама-Шариф мәлім етті.
None
None

«Екіжақты сауда қатынастар жалпы ілгері дамуда және болашақта дами түспек. Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның тауар айналымында әлемдегі 205 мемлекет ішінде 52-ші орынға ие. Соның ішінде, Азиядағы 42 мемлекет ішінен 16-шы орында тұр. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 109,5 млн. АҚШ долларын құраған», - деді Елші.

Қ.Лама-Шариф мәлім еткендей, былтыр Әмірліктерге шығарған экспортымыз 45,5 млн. долларды, импортымыз 67 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар