Бадминтоншыларға Олимпиадада қасақана жеңілмек болды деген айып тағылуда

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бадминтон федерациясы Олимпиада ойындарында жұптық разрядта сынға түсіп, қасақана ұтылмақ болған бадминтоншыларға қатысты тәртіптік шара қолданбақ,
None
None

 деп хабарлады BBC .

Тәртіптік жаза Оңтүстік Кореяның 2 жұбына, сонымен қатар Қытай мен Индонезияның бір-бір жұбына қатысты қолданылуы мүмкін. Олар жеңіске жету үшін бар күштерін жұмсамаған деп айыпталып отыр.

Федерацияның нұсқасы бойынша, плей-оффтан орын алған спортшылар келесі айналымда әлсіз қарсылас кездесуі үшін соңғы ойында жеңіліп қалуды ойлаған.

Соңғы жаңалықтар