Бағаны тұрақтандыру мәселесі талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары Алмагүл Божанова басқосудың басты мақсатын түсіндіріп, бағаны тұрақтандыру бағытында партия атқарған іс-шараларды баяндап берді.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаментінің директоры Нұрлан Пірімов басқа өңірлерге қарағанда аймағымызда суға, электр энергиясына, жылу қуаты көздеріне төленетін баға едәуір төмен деңгейде екендігін атады. Яғни, барлық төлемдер негізгі заңдылықтарға сәйкес реттеліп отырады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Талғат Дүйсебаев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Димаш Әбсаттаров азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармайды тұрақтандыру мәселесі бойынша облыста жүзеге асырылған істерді мәлімдеді.