БАҚ: Cпорттық балық аулау 2020 жылғы Олимпиаданың бағдарламасына енгізілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық спорттық балық аулау конфедерациясы аталмыш спорт түрін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының тізіміне енгізу жөнінде өтініш берді. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.
None
None

Конфедерация басшысы Ференц Салаидың сөзінше, ежелден келе жатқан әрі таза бәсеке - балық аулау Олимпиада идеалдарымен толық үндеседі. Сонымен қатар, балық аулау барлық құрлық бойынша Ойындардың бағдарламасына енсе, Олимпиада қозғалысы ерекше әмбебап бола түседі деген пікір бар, дап жазады ТАСС. 

Бұл ретте жарыс кезінде ұсталған балықтың бүтін күйінде қайтадан суға жіберілетіні ерекше айтылуда.

Дегенмен, аталмыш спорт түріне сын айтушылар да жоқ емес. Олардың пікірлерінше, жарыстың нәтижесі көбіне сәттілікке байланысты. Ал, балық аулау қалың көпшілікті қызықтыра қоймауы мүмкін. Өйткені оны бәрі бірдей түсіне бермейді.

1900 жылы Парижде өткен Ойындар кезінде балық аулау ресми емес спорт түрлерінің тізіміне енгізілген. Жарысқа 6 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысты да. Алайда, жеңімпаздың есімі сақталмаған.

Айта кетейік, тамыз айында Халықаралық олимпиада комитеті каратэ, серфинг, бейсбол/софтбол, құзға өрмелеу мен скейтбординг сияқты спорт түрлерін Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасына енгізді. Бұл мәселе жөнінде шешім ұйымның 129 сессиясында Рио-де-Жанейрода бірауыздан қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар