БАҚ: «Каспий бестігі» өңірде әскери күштердің орналасуына шектеу қояды
Сейсенбі күні Мәскеуде ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавровтың, Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедовтың, Иран Ислам Республикасы СІМ басшысы Мохаммед Джавад Зарифтің, Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың, Түрікменстан СІМ басшысы Рашид Мередовтың қатысуымен конференция өтеді. Министрлер осы жылғы күзде Астраханьда өтетін төртінші Каспий саммитіне әзірлік мәселелерін талқылайды.
Басылымның ақпаратына қарағанда, министрлер бұл конвенцияға конференция кезінде қол қоюы мүмкін.
«Ъ» сұхбаттасушысының айтуынша, Мәскеуде әріптестерді Каспий бойынша шешімге ешбір өңірден тыс державалардың ықпал етуі тиіс еместігіне көз жеткізілді. Әңгіме, атап айтқанда, Каспий теңізіне үшінші елдердің, ең алдымен, АҚШ-тың әскери күштерін орналастыруына шектеу қою жөнінде болып отыр», - деп жазады газет.