БАҚ мәселесіне қатысты жаңа түзетулер Парламентке 2017 жылы түседі

«Біз тұжырымдаманың өзін жалпыға ортақ талқылауға шығарған бірінші министрлікпіз. Ендігі уақытта заңның өзі барлық қажетті процедуралардан өтеді. Оң әрі сыни пікірлер3 ескерілетін болады. Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен құжат келісілген. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдар, депутаттық корпус, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылардан жұмыс тобын құрудамыз», - деді министр.
Оның айтуынша, осы жылдың қараша-желтоқсан айларында заң жобасын талқылау өткізіледі. Сонымен бірге қараша айының соңына дейін жұмыс тобы мүшелерімен бірге құжат мәтінін қалыптастыру аяқталатын болады.
«2017 жылдың наурызына дейін барлық мемлекеттік органдармен келісілген құжатты Үкіметке және 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізу қажет», - деді Абаев.