БАҚ нағыз еңбек адамдарының кәсіби бейнесін қоғамға көрсетулері керек

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Еліміздің БАҚ өкілдері нағыз еңбек адамдарының кәсіби бейнесін қоғамға көрсетулері керек.
None
None

Бүгін Астанада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

«Әрине, бұнда бұрынғы кеңестік кезеңдегідей ұзынсонар очерктер жазу қажет емес, бұны жаңаша қадаммен көрсету керек. Онда бүгінгі оқырманның заманауи талғамы ескеріліп, халық үшін ұтымды оқылатын формада ұсынылғаны шарт. Бұл үшін мүмкіндіктеріңіз бен әлеуеттеріңіз жеткілікті деп білемін», - деді Д. Мыңбай.

Сонымен қатар, министр Президенттің бағдарламалық мақаласында бірқатар тапсырмалар жүктелгенін, оның ішінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғыртуға бағытталған және «Ақпаратты Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар