БАҚ-тағы барлық сын ақпараттар мен мақалалар мұқият тексеріледі - С. Баймағанбетов

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен аймақтармен конференцбайланыс форматында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі 11-ші отырысында аталмыш ведомство басшысы Серік Баймағанбетов айтты, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір біз ІІМ қызметі ақпараттық тұрғыда барынша ашық болуына бар күш-жігерімізді салудамыз. Бұл - аймақтық органдар жетекшілерінің тұрақты кездесулері, учаскелік инспекторлардың жұртшылықпен тілдесуі, журналистермен апта сайын брифингтердің өткізілуі, ІІМ интернет-сайты», деді министр. С.Баймағанбетовтың айтуынша, БАҚ-тағы барлық сын ақпараттар мен мақалаларға баса назар аударылады. «Жыл басынан бері полицияның қызметі туралы 240 сын мақала жарық көрді. Оларды тексеру нәтижесінде, 19 қызметкер - қылмыстық, 200-ден астамы тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ 29 адам жұмыстан шығарылып, 25-і өз қызмет лауазымынан босатылды», деді ол.