БАҚ төртінші билік дегенмен үзілді-кесілді келіспеймін - «Russia Today» продюсері

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - БАҚ төртінші билік дегенмен үзілді-кесілді келіспеймін. Бұл туралы бүгін Еуразия медиа форумында «Russia Today» продюсері, жүргізуші Александр Гурнов мәлім етті.
None
None

«Мен БАҚ төртінші билік дегенмен үзілді-кесілді келіспеймін. Бұл олай емес. Егер де шынымен де осылай болса, мен қуанышымды жасырмас едім»,-дейді ол.

«Тағы бір сұрақ - ақпараттық соғыстарда жеңу немесе жеңілу мүмкін бе? Әрине, мүмкін. Мен бір мысалды келтіргім келеді және бұл оқиғада ақпараттық соғыс жеңіске жетті. Атап айтқанда, Ресей мен Грузия арасындағы қақтығысқа байланысты сөз өрбіткім келеді. Осы оқиғада шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде ВВС айтарлықтай әрекет етті. Олар осы соғысқа барлық күшін салып, таңқаларлық нәтижеге қол жеткізді. Рас, езу тартарлық оқиғалар да болды. Көп күш жұмсаған БАҚ өзінің беделіне сенгені сонша, ақиқаттың астарына үңілуді жөн көрмеді»,-деп түйді жүргізуші.

Соңғы жаңалықтар