19:53, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Бакуде Әзербайжанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде Әзербайжанның Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы жөніндегі шартқа қол қойылды.
Құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Астана ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев пен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі әзербайжандық-қазақстандық үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, Әзербайжанның энергетика министрі Натиг Әлиев қол қойды.
«Әзербайжанның паш ететін нәрселері бар. Біз бұл көрменің белсенді қатысушысы боламыз», - деді құжатқа қол қою кезінде министр Н.Әлиев.