Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мемлекет және үкімет басшыларының 12-ші саммиті өтеді

АСТАНА. 15  қазан. ҚазАқпарат -  Ертең Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мемлекет және үкімет басшыларының 12-ші саммиті өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, саммит барысында аймақтық экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзекті мәселелермен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер интеграциясын тереңдету, әлеуметтік-мәдени және ғылыми-техникалық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланады.

Басқосу қорытындысы бойынша «Баку декларациясы» қабылданады деп күтілуде. Саммитке Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан мемлекет басшылары, Түркия Премьер-министрі мен Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның жоғары лауазым иелері қатысады», деді ресми өкіл.

А.Әбибуллаевтың айтуынша, саммитке Қазақстан Республикасы атынан Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған делегация қатысады. Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесі өз жұмысын бастады. Кеңеске Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев қатысуда.

 

  

Соңғы жаңалықтар