Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 12-ші Саммиті өтеді

БАКУ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Әзербайжанда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің 12-ші Саммиті өтеді.
None
None

Іс-шарада қазақстандық делегацияға Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев төрағалық етеді.  

Бұдан басқа, аталған шараның алдында бүгін Бакуде ЭЫҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 20-шы отырысы өтеді. Отырыс жұмысына қатысу үшін Бакуге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев келді.

ЭЫҰ - 1985 жылы Орта Азия және Таяу Шығыс елдері құрған және 1977 жылдың 12 наурызында құрылтайшы үш ел - Иран, Пәкістан және Түркия қол қойған Измир келісімінің Жарлығы негізінде қызмет еткен - Дамыту үшін өңірлік ынтымақтастық ұйымының жалғасы болып табылатын - аймақтық мемлекетаралық экономикалық ұйым.

Ұйым құрамына 10 мұсылман елі: Қазақстан, Иран, Түркия, Әзербайжан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан кіреді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум