Бакуде Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі кезекті мәжіліс өтуде

БАКУ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін, 26 сәуірде Бакуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының кезекті, 28-ші отырысы басталды.
None
None

Екі күнге созылатын бұл шарада Қазақстан делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай жетекшілік етеді. Делегация құрамына дипломаттармен қоса, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация министрліктерінің, Жер ресурстарын басқару агенттігінің, ҚР Қарулы күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум