20:46, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Бакуде «Көлік, транзит және логистика» көрмесі өтуде
БАКУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Бакуде «Мұнай және газ, Каспийдің мұнайын өңдеу және мұнай химиясы» атты XVI халықаралық көрменің ашылуымен қатар, «Көлік, транзит және логистика» атты VIII халықаралық көрме де өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған шараға Қазақстан жағынан ұлттық авиа тасымалдаушы ? «Эйр Астана» компаниясы қатысуда, аталған компания үстіміздегі жылғы наурызда аптасына екі рет қатынайтын «Алматы-Баку» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашқан болатын.Авиакомпанияның Бакудегі өкілі Әділ Дәулетбектің айтуынша, «Эйр Астана» маусымның басында Алматы-Новосібір жаңа әуе қатынасын ашты, сондай-ақ Бакуден Бішкекке және Сеулге дейін қатынайтын жолаушыларға ыңғайлы торап жасауды ұйымдастырды.