08:44, 22 Ақпан 2013 | GMT +5
Бакуде ТМД мемлекеттік ақпараттық агенттіктері басшылары кеңесінің XVI отырысы өтеді
БАКУ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бакуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттік ақпараттық агенттіктері басшылары кеңесінің (ТМД Ақпараттық кеңесі) XVI отырысы өтеді.

25 ақпанда өтетін отырыс жұмысына Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан, Украина ақпараттық агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады.
Күн тәртібіне ТМД Ақпараттық кеңесінің қызметі туралы есеп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік, мемлекеттік ақпараттық агенттіктердің 2013 жылы ТМД-ға Беларус төрағалығы тұжырымдамасы ауқымындағы ынтымақтастығы мәселелері енгізілген. Достастық қатысушы-мемлекеттері ұлттық ақпараттық агенттіктері қауымдастығы сайтының жұмысы, ТМД Ақпараттық кеңесінің ағымдағы жобалары талқыланады.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін қарайды, Ақпараттық Кеңестің XVII отырысын өткізу мерзімі мен орнын белгілейді.