Бакуде жемқорлықпен күрес бойынша Қазақстан тәжірибесімен танысты

БАКУ. ҚазАқпарат - 19 - 21 қараша аралығында Бакуде Халықаралық жемқорлыққа қарсы академияға (ХЖҚА) қатысушылар Ассамблеясының үшінші сессиясы өтуде.
None
None

Оған ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов бастаған қазақстандық делегация қатысуда.

Аталған сессияда ХЖҚА қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланып, сессия төрағасы сайланды. Бірнеше ел жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тәжірибе алмасты. Сөз алғандар өз елдеріндегі бұл бағыттағы жетістіктері мен туындаған мәселелер жайлы баяндады.

Сессияда Б.Әбдірәсілов Қазақстандағы жемқорлықпен күрес шараларымен, құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, жаңа жемқорлыққа қарсы органның - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылғаны жайлы мәлім етті.

Келелі кеңесте ХЖҚА-ның тиісті меморгандармен және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен арадағы ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар жасалды.

Ассамлея жұмысы барысында Әзербайжан Республикасының бас прокуроры Закир Гараловпен, Румыния әділет министрлігінің мемлекеттік хатшысы Симона-Майе Теодоройумен, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобы халықаралық ұйымының (GRECO) президенті Марин Мрселамен жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөздер жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар