Бала өлтіргенді іздестіруге ақпараттық көмек көрсеткен азаматқа бір миллион теңге сыйақы тапсырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болат Рамазанұлының айтуынша, өткен жылдың ақпан айында облыс орталығының шеткері аймағынан екінші сынып оқушысының мәйіті табылған. Департамент бойынша жедел іздестіру тобы жасақталып, тергеу амалдары қолға алынған. Қылмыстың ізін суытпай ашуды қамтамасыз ету мақсатымен қандай да бір нақтылы ақпарат берген адамға департамент бір миллион теңге мөлшерінде сыйақы беретінін жариялаған болатын. Бұл шара нәтижесін берді. Апта ішінде З.есімді азамат өзіне мәлім ақпаратпен бөлісіп, тергеу амалдары жалғастырылды. Сол бойынша Зеренді ауданына қарасты Ақкөл қаласының 25 жасар тұрғыны қолға түсіп, күдікті кінәсін мойындады. Ақмола облыстық сотының үкімімен қылмыскер 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Өңірлік әділет орнының ҚР ҚК-сінің 96-шы бабы бойынша шығарған үкімін ҚР Жоғарғы соты күшінде қалдырды.