Бала тәрбиесінде бізге мүлде басқа педагогика қажет - Н. Назарбаев

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі барысында елімізде көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе - бала тәрбиесімен мектеп пен ата-аналардың қайсысы айналысуы қажеттігі жайындағы өз пікірімен бөлісті.
None
None

«Мектеп «баланы ата-аналар тәрбиелесін», дейді, ал ата-аналар «мектеп тәрбиелесін», дейді. Шындығында тәрбие жауапкершілігі отбасының да, мектептің де мойнындағы үлкен парыз. Мұғалімнің рөлін білім беруші ретінде ғана қарастыруға болмайды. Бізге мүлдем басқа педагогика қажет. Мұғалім әрдайым оқушыларымен тіл табысып, солармен бірге жаңа белестерді бағындыруға ұмтылуы керек. Оның міндеті - әрбір баланың әлеуетін жіті байқап, қабілет-қарымын дамытуға жол ашып беру», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар