Бала тәрбиесіне енжар қараған ата-аналар айыппұл төлеуге мәжбүр болды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қалалық мамандандырылған әкім­шілік со­тында биылғы жылдың басынан бері ата-аналардың немесе басқа да заңды өкіл­дерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орында­мауына байланысты 47 әкім­шілік іс қаралып,
None
None

оның 45-не жаза тағайындалған.

Тағайын­далған жаза бойынша 40 адамға «ескерту» бе­рілсе, 5 ата-анаға заңда көрсетілген негізде айып­пұл салынды. Демек, ата-ана немесе бала тәрбиесіне заңды өкіл өз міндеттерін орында­ма­ғаны үшін айыппұл төлейді. Бір ғана мысал, азамат М.Б. ата-аналық міндетін дәлелді себеп­терсіз орындамауы салдарынан өз тәрбиесіндегі кә­мелетке тол­маған баласы Ә.Б-ның қылмыс жасауына жол бергені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша кінәлі деп табылды. Оған алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 8 478 теңге көлемінде айып­пұл салынған.

Соңғы жаңалықтар