Бала туу жасындағы әйелдердің арасындағы өлімдер мен ауру-сырқаулардың негізгі себебі - ВИЧ ауруы

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Әлемде бала туу жасындағы әйелдердің арасындағы өлімдер мен ауру-сырқаулардың негізгі себебі - ВИЧ (адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) болып табылады,
None
None

деп хабарлады БҰҰ-ның АҚТҚ/ЖҚТБ проблемалары жөніндегі бағдарламасы (UNAIDS).

Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі проблемасына (СПИД) арналған Нью-Йорктегі онкүндік конференцияда сөз сөйлеген ұйым өкілдері, гендерлік теңсіздік проблемасын да талқылаудың қажеттілігін ерекше атап көрсетті, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Африканың оңтүстігінде АҚТҚ-инфекциясы ер азаматтарға қарағанда, 15-24 жастың аралығындағы қыз-келіншектердің арасында көп тараған. Әлем бойынша әйелдердің 70 пайызы зорлық-зомбылыққа қарсы тұра алмайтындықтан, инфекцияның алдын ала алмай отыр, деп хабарлайды БҰҰ бағдарламасы.

Соңғы жаңалықтар