Балалар мен жастар өздерінің құқықтары мен бостандықтары мәселесіне белсенді араласуы тиіс - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

АНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Балалар мен жастар өздерінің құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілу мәселелеріне белсенді араласуы тиіс.Бұл пікірін бүгін Астанада өткен «ХХІ ғасырдың балалары: біздің құқығымыз және мүмкіндігіміз» атты республикалық балалар саммитінде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің төрайымы Хана Сингер білдірді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Х.Сингердің айтуынша, қазіргі жас ұрпақ өздерінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қатысты бағдарламаларды ересектерден күтіп отырмай, мәселеге өздері етене араласқаны дұрыс.

«Қазақстандық балалар барлық жағынан қорғалған. Өйткені  Қазақстанның заңдары халықаралық стандарттармен сәйкестендірілген. Оның дәлелі ювеналдық әділет саласында қабылданған жаңа заң мен білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдар. Сондай-ақ, Қазақстанда балалар құқықтарына арналған әртүрлі бағдарламалар да бар», - дейді ол.

Сондай-ақ қазақстандық өкіл, Қазақстан реформаларды жылжыту бағытында көшбасшы болып табылатынын атай келе, оның жетістіктері көптеген елдерде көшіріліп, енгізіліп жатқанын қадап айтты.

 Х.Сингер балалар құқығын қорғау және қамтамасыз ету тұрғысындағы проблемаларға да тоқталды. Мәселен, республикада сәбилерді тастанды ету, оларды балалар мекемелеріне өткізу - бүгінгі күнгі түйіткілдердің өзектісі болып табылады. «Қазір біз Қазақстанмен балаларды тәрбиелеудің баламалы жолдарын іздестіру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, балалардың денсаулығын қорғау мәселесі де өзекті күйінде. Ең бастысы, Қазақстан Үкіметі бұл үдерістердің барлығын мойындауда және бұл бағытта жұмыс істеуде», - деді.

Соңғы жаңалықтар