Балалар үйінің 18 тәрбиеленушісі уланды -Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу орталық аудандық ауруханасына 29 маусым - 1 шілде аралығында Балпақ би ауылының «Қуаныш» балабақшасынан уланған 18 бала жеткізілді.

Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, балалардың ыстығы 39-39 градусқа көтеріліп, іші өтіп, құсу белгілерімен жеткізілген.

 Қазіргі уақытта дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалауда.

Төтенше жағдай орын алған жерге облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 4 маманы жіберілді.

Балалардың неден уланғаны әзірге белгісіз.

14 орынға арналған балабақша екіқабатты ғимаратта орналасқан. Улану кезінде ғимаратта 69 бала болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram