Балаларды халықаралық ұрлауға қарсы шараларды қамтитын конвенция қабылданды - Парламент

АСТАНА.  18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң қабылданды. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
None
None

Аталған Конвенция 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған. Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің кез келгеніне заңсыз алып өтілген, заңсыз ұсталып отырған балалардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. Сондай-ақ құжат уағдаласушы мемлекеттердің біреуінің заңнамасында көзделген қорғаншылыққа және қол жеткізуге құқықтардың басқа уағдаласушы мемлекеттер аумағында сақталуын да қарастырады.

Осыған орай, Конвенцияға қосыла отырып, Қазақстан заңсыз алып өтілген балалардың дереу қайтарылуына міндетті саналады. Құжатты қабылдау арқылы еліміз осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайта түседі, заңсыз алып өтілген жағдайда қазақстандық балаларды халықаралық ауқымда қорғауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, олардың тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарылуына қатысты бірегей үдерістерді мойындайды.

Аталған Конвенция Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрған кез келген балаға қатысты қолданылатын болады. Бұдан бөлек, Конвенцияға сәйкес, бала 16 жасқа толғанда оның қолданылуы тоқтатылады. Заңда орталық органның функциялары, балаларды қайтару, қол жеткізу құқығын жүзеге асыруды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету тәртібі белгіленеді. Конвенцияға бүгінгі таңда 80-нен астам ел қосылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум