07:52, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
«Балаларға ?компьютерлер» - ақсулық нұротандықтар қайырымдылық шарасын өткізді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында «Балаларға –компьютерлер» қайырымдылық шарасы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының кеңсесінде дарынды балалар мен жетім балаларға компьютерлер табыс етілді. Қайырымдылық шарасына Ақсу ферроқорытпа зауыты басшылығының қолдауымен кәсіпорынның бастауыш партиялық ұйымы белсенді атсалысты. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақсулық нұротандықтар мен қалалық білім бөлімі қала маңындағы ауылдарда тұратын көпбалалы отбасыларын да компьютерлермен қамтамасыз етуді жоспарлауда.