13:41, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Балаларымның арманы - компьютер - Президентке түскен хаттардан
АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бес балам жеке компьютеріміз болса екен деп армандап отыр. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына хат жолдаған Күлдана Өтенова осылай жазады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сәлеметсіз бе, құрметті Елбасы! Жолдасым екеуіміз пәтер жалдап тұрамыз. Бес баламыз бар. Ділдахан, Балжан, Сәрсенғали, Еркебұлан және Дәулет деген. Бес баламыздың арманы - компьютер. Оны алуға бүгінде қалтамыз көтермей жатыр. Осыған байланысты Сізден, құрметті Президент мырза, көмек сұраймыз. Бұл туралы мен балаларыма айтпай, жазып отырмын. Айып көрмеңіз, кешіріңіз. Шымкент қаласы, Коммунизм бөлімшесі, Гагарин көшесі. ХРСУ Өтенова Күлдана»,- делінген аталған хатта.