«Балдәуренде» көркем галарея көрермендерге есігін айқара ашты

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орын тепкен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында алғашқы көркем сурет галареясы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңажылдық тартуды орталық әкімшілігі ұйымдастырып отыр. Мұндағы негізгі жәдігерлер балғындардың өздері салып, сыйға тартқан суреттерден топтастырылыпты. Галереяны ұйымдастырудағы талпыныс Қазақстан, Қырғыз, Ресей елдері суретшілер одағының халықаралық симпозиумынан кейін шешімін тауып отыр. Қыл қалам шеберлерінің басқосуында есімі кеңінен танымал суретшілер өздерінің 70-тен астам суреттерін сыйға тарқан болатын. Қалған туындылар - балалардың шығармашылық нәтижелері. Олардың тақырыптары да сан алуан. Суреттерде отансүйгіштік, жастық шақ, табиғат көрінісі, туған жер, нотюрморт, жануарлар әлемі тақырыптары қамтылған.

Соңғы жаңалықтар