Балқаш қаласында жаңа балабақша ашылды

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның  28-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағанды  облысының Балқаш қаласында   демалыс күндері   «Ер Төстік»    жаңа  балабақшасының ашылу  салтанаты  өтті.
None
None

Салтанатты  шараға  қатысқан  облыс әкімі  Серік Ахметов,    балқаштықтарды осынау     атаулы оқиғамен  құттықтады.  «Бұл  Елбасының    Жаңа жыл   қарсаңындағы тартуы.     Өздеріңізге мәлім,   Мемлекет басшысы Үкіметке  нақты тапсырма  берді.  Осыған  байланысты 2010-2012   жылдары біз    облысымыздың    барлық балдырғандарын   осындай балабақшалармен    қамтитын  боламыз», - деді    әкім өз сөзінде.

140   орындық     балабақшаның    құрылысы   285 миллион теңгеге түсті.  «Онда  балалардың  рухани және  салауатты дамуына  барлық жағдай  жасалып  отыр,   гимнастика, ән-күй  залдары, мектепке дайындық сыныптары  бар»,    деп  хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар