09:51, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Балқаш қаласындағы саяжай учаскесінен Ф-1 гранатасы табылды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Балқаш қаласындағы саяжай учаскесінің аумағынан Ф-1 гранатасы табылды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
«Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жергілікті тұрғын тауып алған бұл жарылғыш заттың тұтатқышы жоқ Ф-1 гранатасы екендігі анықталды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, гранатаны ҚР ҚМ Балқаш гарнизонының әскери полициясы алып кеткен.