Балқаш қаласының Жылу электр орталығында көмір тиелген вагондардан снарядтардың гильзалары табылды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Балқаш қаласының Жылу электр орталығына келген көмір артылған вагондардан снарядтардың 6 гильзасы табылды,
None
None

деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.

ТЖМ-нан хабарлағандай, табылған гильзалар 100 және 120 миллиметр калибрлік артиллериялық снарядтан атылған және олардың жарылу қаупі жоқ.

Көмір тиелген 49 вагонның составы Қарағанды облысы «Борлы» көмір бассейнінен келген. Қалған 19 вагон тексерілу үшін темір жол тұйығына қойылды. Көмір беру цехының маңайы қоршауға алынып, күзет қойылды.

Айта кетейік, осыдан төрт күн бұрын Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның №2-ші көмір байыту фабрикасына келген вагондардан артиллериялық 52 снаряд табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар