Балқаш көлінде болған қайғылы оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар қызметі балықшылар кентінде кездесу өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқаш өңіріндегі Сарышаған және Саяқ балықшы кенттерінде халықпен кездесу ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл кездесу Балқаш көлінде болған қайғылы оқиғаларға және балықшылардың мерт болуына байланысты өткізілді. Кездесуде төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері халықты өз қауіпсіздіктеріне көңіл бөлуге шақырды.

Бұның алдында, қаңтардың 12-сінде Балқаш қаласында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен қалыптасқан жағдай талқыланды, төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы оқиғаның негізгі себептері адамдардың мұзға дайындықсыз шығуы, тиісті бақылаудың болмауы. Оның үстіне ауа райының бұзылуы жағдайды қиындатып жіберді.

Облыс ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылғы желтоқсанның 22-сінен бүгінгі уақытқа дейін Балқаш көлінде 5 адам мерт болды, 247 адам зардап шекті. Мұздың үстінде қалған балықшыларды іздеуге үш рет ҚР ТЖМ тікұшақтары шақырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 79 адам, көптеген техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар