Балқашта «Киберпол» арнайы бөлімшесі іске қосылды

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта интернеттегі алаяқтармен және киберқылмыспен күрес күшейтіледі. Қалалық полиция бөлімінде «Киберпол» арнайы бөлімшесі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңа бөлім заманауи зертханамен жабдықталған және бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Зардап шеккендердің өтініштері дереу тергеушілерге түседі, олар іс жүргізеді.

«Облыстық полиция департаментінде киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесі жұмыс істейді. Балқаш ПБ-де киберқылмыспен күрес жөніндегі топ та жұмыс істей бастайды. Оған жедел уәкілдер, тергеушілер, сондай-ақ IT мамандар кіреді. Топтың міндеті – интернет-алаяқтық туралы барлық хабарламаларға дереу жауап беру, қылмыстың осы түрін сапалы тергеу және ашу», - дейді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.


Бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаментінде киберқылмыспен күрес жөніндегі жаңа бөлім таныстырылды. Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер кіреді. Сондай-ақ, киберкеңістіктегі қылмыстарды ашуға жетекші IT компаниялардың бірінің мамандары мен Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының қызметкерлері тартылды.


Соңғы жаңалықтар