14:20, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
Балуан Аманғали Бекболатов Бразилиядағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық грек-рим күресінің балуаны Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«10-12 тамыз аралығында Сальвадор қаласында (Бразилия) жастар арасында грек-рим күресі бойынша Әлем чемпионаты өтуде. Бұл жарыста Қазақстан атынан СҚО Қызылжар ауданы Архангелка ауылының тумасы Аманғали Бекболатов шықты. 50 келі салмақ санатында жерлесіміз әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Аманғали М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті, ол Ерболат Өркешовтың басшылығымен жаттығуда.