16:20, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Балық аулау Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық балық аулаудың халықаралық конфедерациясы (CIPS) спорттың бұл түрін 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуды сұрады. Бұл BBC News хабарлады.

Конфедерация басшылығы әлемде кең тараған балық аулауды Олимпиада бағдарламасына енгізу олимпиадалық қозғалысты жан жақты етеді деп санайды. Жарыста ауланатын балықты еш зақымсыз еркіндікке жіберу көзделгені хабарланды.
Сыншылар спорттың бұл түрін бағдарламаға қосуға қарсы. Олардың ойынша мұндағы жеңіске жетуге шеберліктен гөрі жолдың болуы шешуші рөл атқарады.
Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың жаңа бес түрі енеді: бейсбол, карате, скейтбординг, құзға шығу және серфинг.
1900 жылғы Олимпиада ойындарында балық аулау бойынша бейресми жарыстар өтті. Оған алты елдің өкілі қатысты. Жеңімпаз туралы жазбалар сақталмаған.