Балық аулаушы шаруашылықтардың қордаланған мәселелерін бір сәтте шешу мүмкін емес ? Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Дәстүрлі мал және егіншілік шаруашылықтары секілді балық аулау ісі де Алматы облысына қарасты Алакөл ауданы экономикасының негізін қалайтын сала болып табылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.2008 жылы балық аулайтын құрылымдар рұқсат етілген 2 111 тонна квотаның жартысын ғана, яғни 1 273 тонна балық аулады, оның ішіндегі 90 пайызы аса құнды саналмайтын ? табан және мөңке балықтары болды. Ағымдағы жылы аулауға қойылатын шектеу 1 049 тоннаға дейін, ал балық аулайтын ұйымдар саны 9-ға дейін қысқартылды, ал осыдан үш жыл шамасы бұрын олардың саны 22 болған еді. Балық аулау көрсеткішінің құлдырап кетуіне ықпал етіп отырған бірнеше себеп бар. Біріншіден, балықты өсірудің мақсатты жұмысы жолға қойылмаған. Екіншіден ? гидромелиоративтік шаралардың жоқтығы. Көктемде қалып қоятын ондаған, тіпті жүздеген тоғандардағы шабақтар көлге жете алмай кепкен көлшіктің табанында қырылып қалуда. Үшіншіден, аулау жабдықтарының жоқтығы. Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесіндегі балық аулау проблемаларын бір сәтте шешу мүмкін емес. Көлде балық өсіруді көбейту, гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, инкубациялық цех салу, Қапшағай балық тоғанының қызметін жандандыру жұмыстары іске асырылуы тиіс, дейді балықшылар. Алакөл инкубациялық цехына қосымша жылына 250 мыңның орнына 1,5-2 миллионға дейін шабақтар жібергенде ғана балықтың санын еселеп арттыруға болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум