Балықшылар «Мөңке күнін» атап өтті - Петропавл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында «Мөңке күні» мерекесі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шарада облыс бойынша 20-дан астам балықшы сынға түсті.
None
None

Арасында ер азаматтармен қатар қыз-келіншектер де бар, деп жазады 24.kz.

Олар таң атпай Пёстрое көлінің жағасына жиналып, мөңке балығын аулады. Қармақшыларға 2 сағаттан астам уақыт берілді. Осы аралықта 50 келідей су маржаны ұсталған. Ал аспаздар ашық аспан астында балық сорпасын пісірді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. - Қармаққа балық түссе, жеңіске жеткендей боласың. Біз осында балық үшін емес, демалыс үшін келдік. Сондықтан бұл ермекті әйел мен еркектер арасында бөліп-жаруға болмайды, дейді балықшы Наталья Гринн.

,ҚР спорттық балық аулау федерациясының президенті Роман Ботабековтың айтуынша, әрқайсы мөңке балықтың тілін біледі. Ең тәжірибелі балықшылар чемпион болады.
«Спортшылар табиғатқа зиян келтірмейді. Тек қана балықты ұстаймыз да оны қайта суға жібереміз»,-дейді ол.

Соңғы жаңалықтар